321

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катер суға батып кетті (ВИДЕО)

Пхукет жағалауында туристер мінген катер траулермен соқтығысты.

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катер суға батып кетті (ВИДЕО)
ТАСС/ Reuters/ Newsflare

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таиландта Пхукет аралы маңында қазақстандық туристер мінген Korawich Marine 888 катері балық аулайтын траулермен соқтығысып, суға батып кетті.

ТАСС дерегінше, катер бортында 55 адам болған, оның 52-сі – турист. Зардап шеккендердің арасында сегіз Қазақстан азаматы бар. Үшеуі ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Қалған жолаушыларға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілген.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул зардап шеккен азаматтармен байланыста болып, қажетті көмекті ұйымдастырып жатыр.

Таиланд туристік полициясының дерегіне сәйкес, катерде Қазақстан азаматтарынан бөлек Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша және Ұлыбритания туристері болған. Атап айтқанда, 33 ресейлік, төрт өзбекстандық және екі қырғызстандық жолаушы тіркелген.

Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр. Таиланд билігі оқиғаға қатысты тексеру жүргізуде.

Материал авторы