Қазақстанның мұнай экспорты 45 пайызға қысқарды – Bloomberg басылымы

13.01.2026, 10:29
287
Қазақстанның мұнай экспорты 45 пайызға қысқарды – Bloomberg басылымы Andrey Rudakov/Bloomberg

Инфрақұрылым дрон шабуылынан кейін қалпына келтірілмеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылдың қаңтарында Қазақстан мұнайының әлемдік нарықтарға Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалы күрт азайды. Жеткізу көлемі жоспарланған деңгейден шамамен 45 пайызға төмендеген. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды.

Трейдерлердің дерегінше, CPC Blend маркалы мұнай экспорты тәулігіне 800–900 мың баррель деңгейінде қалып отыр. Ал бастапқы жоспарланған 45 партияның кемінде 21-і мүлде тоқтатылған. Бұған теңіздегі дауылды ауа райы, жөндеу жұмыстарының созылып кетуі және дрон шабуылдарынан кейінгі инфрақұрылымның зақымдануы себеп болған.

Ұсыныстың қысқаруы бағаға тікелей әсер етті. Қазақстан мұнайы бір жылдан бері алғаш рет Dated Brent эталонына қатысты барреліне шамамен 1,2 доллар көлемінде үстеме бағамен саудалана бастады.

Bloomberg атап өткендей, негізгі қиындықтар КҚК-ның теңіз терминалында туындап отыр. Тұрақты тиеу үшін кемінде екі қашықтағы айлақ құрылғысының бір мезгілде жұмыс істеуі қажет, алайда қазіргі уақытта олардың тек біреуі ғана іске қосылған, оның өзі үзілістермен жұмыс істеп тұр.

Дауылды ауа райы тиеу операцияларын бірнеше рет тоқтатуға мәжбүр еткен. Атап айтқанда, 29 желтоқсанда қолайсыз метеожағдайға байланысты КҚК теңіз терминалында мұнайды қабылдау мен жөнелту уақытша тоқтатылды.

Резервуарлардың толып кету қаупіне байланысты консорциум мұнай қабылдауға шектеу енгізген. Егер іркілістер ұзаққа созылса, Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартуға мәжбүр болуы мүмкін.

Еске салсақ, 29 қарашада КҚК теңіз терминалына кезекті шабуыл жасалып, қашықтағы айлақ құрылғысы елеулі зақымданған. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.

17 желтоқсанда Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым КҚК-ға жасалған шабуылдарды қолдаған тұлғалардың әрекетін тексеріп, оларды жауапқа тарту қажеттігін мәлімдеген болатын.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады