АҚШ елшілігі азаматтарын Ираннан дереу кетуге шақырды
АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленіс қаупі артуда.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ елшілігі Ирандағы америкалық азаматтарға елден дереу шығуды ескертті. Елшілік хабарлауынша, Иран бойынша наразылық акциялары күшейіп, интернет байланысы мен ұялы байланысқа шектеу қойылуы мүмкін.
Елшілік мәліметінше, наразылықтар қақтығыстарға ұласып, адамдардың ұсталуына немесе жарақат алуына әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты Иран билігі ұялы байланысқа шектеу енгізді, ал әуе компаниялары рейстерді тоқтатып немесе шектеп жатыр. АҚШ азаматтарына елден жер арқылы Армения немесе Түркия арқылы шығу ұсынылған. Егер кету мүмкіндігі болмаса, қауіпсіз жерге орналасып, азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз болу, сондай-ақ демонстрациялар өтетін орындардан аулақ жүру ұсынылады.
Ирандағы демонстрациялар желтоқсан айының соңында ұлттық валюта құнсыздануы мен бағаның күрт өсуіне байланысты басталды. Жиынға шыққандар саяси режимді өзгерту талабын көтеруде. Адам құқықтары ұйымдарының мәліметінше, наразылық кезінде 500-ден астам адам қаза тапқан.
АҚШ президенті Дональд Трамп наразылықты қатаң басуға байланысты Иран аумағына соққы беру қаупін айтқан. Бүгін ол әкімшілік өкілдерімен Иранға қатысты мүмкін шараларды талқылайды. Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде АҚШ-пен әскери қақтығысқа дайын екені айтылған.
Материал авторы