LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз – Астана әкімі

19.04.2023, 10:25
673
LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз – Астана әкімі kz.kursiv.media

LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Биыл қала ішінде және елорданың айналасындағы жасыл белдеуде миллионға жуық жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері 733 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артық. Жыл соңына дейін барлығы үш миллионнан астам шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл - 40 мыңнан астам пәтер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекет бөлген - 6 мың пәтер бар. Сонымен қатар, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші кезеңі аясында салынып жатқан барлық проблемалық үлестік нысандарды аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы.

Оның атап өтуінше, биыл наурызда қалалық жаңғырту бағдарламасы 2030 жылға дейін өзектендірілді, нәтижесінде 206 апатты үйді көшіру жоспарлануда.

«LRT-нің бірінші іске қосу кешенінің құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Жобаны 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биыл ұзындығы 55 шақырым 72 көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргіземіз және Тәуелсіздік көпірі құрылысын аяқтаймыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді