365

Хасан Қасымбаев ісі апелляцияға жіберілді

12 жылға сотталған Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық өндіріс басталды.

Хасан Қасымбаев ісі апелляцияға жіберілді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облыстық сотында Хасан Қасымбаев ісі бойынша апелляциялық шағым тіркелді. Материалдар бүгін, 13 қаңтарда судьяға берілгені белгілі болды.

Еске сала кетсек, 11 қараша 2025 жылы сот Хасан Қасымбаевты ММА спортшысы Арман Алимовты ұрлап, соққыға жығу ісінің басты айыпталушысы ретінде 12 жылға соттаған еді. Апелляциялық шағым 21 қарашада Талғар аудандық сотына түскен болатын.

Тергеу деректері бойынша қылмыс 2021 жылғы маусым айында орын алған. Кейін сотта тағы бес адам кінәлі деп танылды. Хасан Қасымбаев 2 қараша 2024 жылы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Арман Алимовтың анасының айтуынша, жанжал «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобына байланысты болған. Хасан Касымбаев өз видеомөрінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін айтқан. ҚР ІІМ мен прокуратура өкілдері Қасымбаевтың Шерзат Полаттың өліміне қатысы жоқтығын растаған, сонымен қатар Алматы облысында «Хутор» қылмыстық тобының бар екенін жоққа шығарған.

Материал авторы