Теміртауда зейнеткер әйелді көлік қағып өлтірді (ВИДЕО)
73 жастағы әжей қаза тапты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Теміртау қаласында жаяу жүргіншінің өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы жағдай 12 қаңтар күні қаладағы 8-шағынауданда болған.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 жастағы Nissan Cefiro маркалы автокөліктің жүргізушісі автотұрақтан кері қозғалып шыққан сәтте 73 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша жаяу жүргіншіні қағып кету фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция өкілдері жүргізушілерді аула ішінде және автотұрақтарда ерекше мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Материал авторы