SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде коуч Бақытбек Садырбайдың семинар кезінде айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр. Ол ерекше баланы тәрбиелеп отырған ананың сырт келбетіне қатысты көпшілік алдында өрескел пікір білдірген.
Оқиға барысында коуч алдымен әйелдің жасын сұраған. 38 жаста екенін естіген соң, оның жасынан үлкен көрінетінін айтып, «өзіне қарамайды» деп айыптаған. Сондай-ақ, басқа әйелдермен салыстырып, кемсітуші сипаттағы сөздер айтқан.
Бұл мәлімдемелер қоғамда теріс реакция тудырды. Желідегі қолданушылар коучтың сөзін қорлайтын әрі әдепке сыймайтын әрекет деп бағалап, кешірім сұрауды талап етті. Сонымен қатар, оның қызметіне бойкот жариялау және айтылған сөздерге құқықтық баға беру жөнінде үндеулер жасалды.
RUS