Зеленский Иран халқының билікті құлатуына көмектесуге шақырды

13.01.2026, 16:55
500
Зеленский Иран халқының билікті құлатуына көмектесуге шақырды Reuters

Зеленский өзгеріс сәтін жіберіп алмау керек дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский Иранда жалғасып жатқан жаппай наразылықтарға қатысты мәлімдеме жасап, оны «көтеріліс» деп атады.

Басылымның жазуынша, Зеленский Ирандағы ахуалға байланысты пікірін Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған. Ол мәлімдемесін парсы тілінде жазған.

«Қазір Иранда болып жатқан жайт — ауқымды наразылықтар, шын мәнінде көтеріліс. Бұл Ресей үшін жағдай жақсармайтынының айқын белгісі. Бұл планетадағы әрбір адал адам Иран халқы Украинаға және басқа елдерге орасан зиян келтірген қазіргі режимнен ақыры азат болғанын қалайды», — деп келтіреді басылым Зеленскийдің сөзін.

Сонымен қатар Украина президенті әлемдік көшбасшыларды «өзгеріс мүмкін болып тұрған сәтті өткізіп алмауға» шақырды.

«Әрбір көшбасшы, әрбір ел, халықаралық ұйымдар дәл қазір іске кірісіп, Иранды бүгінгі күйге түсірген кінәлілерден арылуға халыққа көмектесуі тиіс. Барлығы мүлде басқаша болуы мүмкін», — деді Владимир Зеленский.

Еске салайық, Иранда 2025 жылғы 28 желтоқсанда өмір сүру құнының күрт өсуіне байланысты жаппай наразылықтар басталған. Бұл — соңғы жылдардағы ең ауқымды акциялар.

Аталған жағдай аясында АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігін наразылық білдірушілерге қолдау көрсетуге дайын екенін ескерткен. Ал Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тәртіпсіздіктерді АҚШ арандатты деп айыптап, Вашингтон мен Израильдің үйлестірілген әрекеттері туралы мәлімдеді.

Бұған дейін Иранда наразылықтар кезінде адамдардың қаза табуына байланысты аза тұту жарияланған. Ресми емес деректерге сәйкес, акциялар барысында жүздеген адам көз жұмған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді