Халқы биліктен құлатқан Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін

14.01.2026, 09:50
275
Халқы биліктен құлатқан Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін Yonhap

Бұрынғы президент бүлік ұйымдастырды деп айыпталса, оның әйелі пара алды деген айып тағылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда прокуратура елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге өлім жазасын тағайындауды талап етіп отыр. Ел президентінің әкімшілігі сот үкімі заңға, әділет қағидаттарына және қоғамның күткеніне сай шығарылады деп есептейді. Бұл туралы президент кеңсесі мәлімдеді.

«Корея Республикасы президентінің әкімшілігі бүлікке қатысты іс бойынша арнайы прокурор сұраған жаза шарасын сот билігі заңға, әділет қағидаттарына және азаматтардың күткеніне сәйкес қарайды деп санайды», — делінген ресми мәлімдемеде.

Юн Сок Ёльге бұрынғы қорғаныс министрімен және өзге де тұлғалармен сөз байласып, бүлік ұйымдастыру және Конституциялық құрылысты әлсіретуге әрекет жасау айыбы тағылған.

Айыптау тарапының нұсқасы бойынша, ол әскер мен полиция күштерін Ұлттық ассамблея ғимаратын бұғаттауға жұмылдырған, сондай-ақ бірқатар саясаткерлерді, соның ішінде парламент спикерін ұстауға бұйрық берген. Бұл әрекеттер арқылы экс-президент 2024 жылғы желтоқсанда енгізілген әскери жағдай туралы өз жарлығын жою жөніндегі дауыс беруге депутаттардың қатысуына кедергі келтіруге тырысқан.

Прокуратура дәл осы әрекеттерді бүлік ұйымдастыру ретінде бағалап, Юн Сок Ёльге ең ауыр жаза — өлім жазасын сұрады. Соттың қорытынды отырысы сейсенбі күні өтті. Үкім ақпан айының басында жарияланады деп күтіліп отыр.

Юн Сок Ёль 2025 жылғы 15 қаңтарда жемқорлық ісі бойынша қамауға алынған. Бұл — Оңтүстік Корея тарихында мемлекет басқарып отырған тұлғаның тергеу органдары тарапынан ұсталған алғашқы жағдайы ретінде бағаланды.

18 қаңтарда ол қамауда қалдырылып, бұл шешім оның жақтастарының жаппай наразылығына ұласып, елде тәртіпсіздіктер орын алды. Сол жылдың 15 шілдесінде экс-президенттің айғақтарды жоюы мүмкін деген қауіпке байланысты қайта қамауға алынғаны белгілі болды.

Ал 13 тамызда Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Кеон Хи де тұтқындалды. Оған жемқорлыққа қатысы бар және 2022 және 2024 жылдардағы парламенттік әрі жалпыұлттық сайлауларға заңсыз араласқан деген айып тағылды. Тергеу дерегінше, ол BMW көліктерінің Оңтүстік Кореядағы дилері — Deutsch Motors компаниясына қатысты акция бағасын манипуляциялау схемасына қатысқан. Бірнеше жыл бойы Ким Кеон Хи іскерлік қызметтер үшін пара мен «қымбат сыйлықтар» алып отырған деген күдік бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды