12 мың сағаттан астам әуе уақыты: әскери ұшқыштар оқу-жаттығу маусымын бастады

14.01.2026, 10:23
166
12 мың сағаттан астам әуе уақыты: әскери ұшқыштар оқу-жаттығу маусымын бастады gov.kz

Экипаждар жерүсті және теңіз нысандарына соққы жасауды пысықтайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңа оқу жылында Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық бөлімдері оқу-жаттығу ұшуларын орындауға кірісті. 2025 жылы экипаждардың жалпы ұшу уақыты 12 мың сағаттан асты және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

 

Оқу іс-шаралары ұшу экипаждарының, инженерлік-техникалық құрамның және қамтамасыз ету бөлімшелерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарламаға тренажерларда сабақтар өткізу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру, штаттан тыс жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтау, ұшу құрамының, ұшуды басқару топтарының және авиациялық техниканың дайындығын бақылау кіреді. Ұшулар барысында экипаждар әуе шайқасын жүргізудің заманауи тәсілдерін меңгеріп, жерүсті және теңіз нысандарына авиациялық соққылар жасауды пысықтайды. Әсіресе әуе барлауын жүргізу және радиоэлектрондық күрес құралдарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.

«Бұл жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін сақтауға және жаңа тактикалық тәсілдерді күнделікті тәжірибеге уақтылы енгізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті 19132 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Тимур Сандыбаев.

Ұшу экипаждары жабдықталған және жабдықталмаған алаңдарға десантты тасымалдау және түсіру, шартты түрде жараланғандарды эвакуациялау, іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету, түрлі жүктерді, соның ішінде сыртқы аспаға бекітілген жүктерді тасымалдау міндеттерін де орындайды. Ұшу тапсырмаларының орындалу сапасын объективті бақылау материалдары негізінде нұсқаушылар қадағалайды. Ұшулар көріну шектеулі, жауын-шашынды, ауа температурасы күрт өзгеретін күрделі метеорологиялық жағдайларда өтеді.

Таулы аймақта ұшулар құбылмалы жел ағындары мен атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты қиындайды, ал су үстінде визуалды бағдарлардың болмауы әсер етеді. Түнгі уақытта ұшқыштар түнгі көру құралдарын қолданады, ал жасырын әрекет элементтерін пысықтау кезінде борттық жарық шамдары өшірілген күйде ұшады. Әуе қорғанысы күштерінде авиациялық бөлімдердің жауынгерлік даярлығына бөлінетін уақыттың жыл сайын тұрақты түрде артып келе жатқаны атап өтіледі.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады