Теміртауда жылу желісі жарылып, тұрғын үйлер жылусыз қалды (ВИДЕО)

14.01.2026, 10:36
196
Теміртауда жылу желісі жарылып, тұрғын үйлер жылусыз қалды (ВИДЕО) Дмитрий Фуфаев / «Петербургский дневник»

Қатты аяз алдында Теміртауда тұрғындар жылусыз қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Теміртауда магистральдық жылу желісінде апат тіркеліп, қаланың бір бөлігінде жылу беру тоқтатылды. Ақау 8-шағынаудан мен Отрадное шағынауданын жылумен қамтамасыз ететін негізгі құбырда болған. Бұл туралы Telegram-дағы «Вечерняя Караганда» арнасы жазды.

Апат салдарынан 8-шағынаудандағы шамамен 40 көпқабатты тұрғын үй мен Отрадное ауданындағы ондаған жеке үй жылусыз қалды. Сонымен қатар бірқатар кәсіпкерлік нысандар мен әлеуметтік мекемелерге де жылу беру уақытша тоқтатылған.

Оқиға синоптиктердің ауа температурасы –30 градусқа дейін төмендейді деген дауылды ескертуімен тұспа-тұс келіп отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, зақым 1970-жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген ескі құбыр учаскесінде анықталған.

«Ақау орны нақтыланды. Мамандар қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Апаттық-қалпына келтіру бригадалары үздіксіз режимде жұмыс істеп жатыр, барлық қажетті күш пен техника жұмылдырылды. Мақсат – ақауды барынша қысқа мерзімде жою», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр