591

Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық орнын сақтап қалды.

Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды
instagram.com/nurgali_zhumagazy

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежелері бойынша спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңартылған тізімде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз позициясын сақтап қалды.

IBF дерегіне сәйкес, жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы осы ұйым нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленіп отыр және рейтингтің көш басында қала берді.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткенін ресми түрде растаған еді. Осыған байланысты тергеу басталды. Спортшы өз кезегінде допинг қолданбағанын айтып, сынаманың В-пробасын қайта тексеруді талап етті.

10 қаңтарда Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының В-пробасының ашылуына қатысты ресми мәлімдеме жасаған.

Сонымен қатар, IBF рейтингінде тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек екінші жартылай жеңіл салмақта үшінші орындағы позициясын сақтап қалды.

Материал авторы