354

Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Көпқабатты үйдегі өрт адам өлімімен аяқталды.

Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды
depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға өрттен кейін анықталған.

Оқиға Аскаров пен Мангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйде болған. Өрт сөндірілгеннен кейін пәтер ішінен ер адамның денесі табылған.

Аталған деректі Шымкент қалалық полиция департаменті растады.

«Пәтерден өрттен кейін табылған ер адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», — деді Шымкент қалалық ПД өкілі Бағлан Исатаева.

Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен ер адамның өліміне не түрткі болғаны анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Материал авторы