Ресейдегі зауытта Қазақстан азаматтары қаза тапты
Ресейдегі металлургия комбинатында қайғылы оқиға тіркелді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдегі Череповец металлургия комбинатының өндірістік аумағында Қазақстан азаматтары қаза тапты.
Мәліметке сәйкес, 14 қаңтар күні «Северсталь» компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургия комбинатында мердігер ұйымдарда жұмыс істеген Қазақстанның екі азаматы өлі күйінде табылған. Қайғылы жағдай кәсіпорынның өндірістік алаңында болған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Аумақта арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеуде.
«Северсталь» компаниясы қаза тапқан қызметкерлердің жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат кейінірек жарияланбақ.
Материал авторы