Жангелдиндегі отбасы туралы айтқан «Атырау хакерге» халықаралық іздеу салынды

15.01.2026, 11:28
236
Жангелдиндегі отбасы туралы айтқан «Атырау хакерге» халықаралық іздеу салынды Julio Lopez / Pexels

Өзін хакер атаған азамат Интерпол тізіміне енгізілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында өзін «хакермін» деп таныстырып, резонанс тудырған істің айналасында түрлі мәлімдеме жасаған азамат халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаменті ресми түрде растады.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерде «Атыраулық хакер» деген атпен танылған ер адам алаяқтық деректері бойынша күдікке ілінген. Қазіргі таңда ол Интерпол желісі арқылы халықаралық деңгейде іздестіріліп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті Қазақстан аумағынан тыс жерде жасырынған.

Аталған азамат Атырау облысындағы бір отбасының жоғалуына қатысты өз «зерттеуін» жүргізгенін айтып, әлеуметтік желіде бірқатар бейнежазба таратқан. Онда ол қаза тапқан ерлі-зайыптылардың күйеу баласын басты күдікті ретінде көрсетіп, түрлі елдерге қатысы бар деген нұсқалар ұсынған. Бұл видеолар Instagram желісінде кең тарап, көпшілік назарын аударды.

Алайда Атырау облыстық полиция департаменті бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары барлық дерек ресми жедел-іздестіру және тергеу шаралары аясында әлеуметтік желідегі жарияланымдарға дейін анықталғанын атап өтті.

«Аталған тұлғаға қатысты бұған дейін алаяқтық деректері бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Қазір бұл істер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Ол заңға сәйкес іздеуге жарияланды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салайық, 2026 жылғы 6 қаңтарда Атырау облысы Жангелдин ауылында 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның 64 жастағы жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіті өз үйлерінің ауласынан табылған. Сараптама олардың пышақ жарақаттарынан қаза тапқанын анықтады.

Марқұмдардың үш баласы бар. Қаза тапқандардың күйеу баласы – 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев кісі өлтіруге басты күдікті ретінде халықаралық іздеуде. Оның жұбайы, марқұмдардың кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева да хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде халықаралық іздеуге жарияланған. Ерлі-зайыптының бес баласы қазіргі уақытта туыстарының қамқорлығында.

Полиция тергеу барысына қатысты өзге мәліметтерді жарияламады және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді