Куликов дауы: Қазақ және қырғыз халқы кондитерлік желіге жаппай бойкот жариялады (ВИДЕО)

15.01.2026, 14:53
349
Куликов дауы: Қазақ және қырғыз халқы кондитерлік желіге жаппай бойкот жариялады (ВИДЕО) SMARTNEWS.KZ коллажы

Қырғыз белсендісі Айтілек Орозбеков қызметкерден қырғыз тілінде сөйлеуді талап еткен соң сотқа тартылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Айтілек Орозбеков әлеуметтік желілерде өзіне қатысты жаңа сот талаптары туралы хабарлаған еді. Ол 9 ай бұрын Куликов кондитерлік үйінің қызметкерлерінің арызы негізінде ұсталғанын айтты. Аталмыш оқиға желі мекемелерінде қызмет көрсету кезінде қырғыз тілін қолдануды талап етуге байланысты болған. Кейін сот белсендіге үйқамақ шарасын тағайындаған еді.

Даудан соң Куликов өкілдері Орозбековтің қамауға алынуын талап етіп, интернетке қол жеткізуді шектеуге ниетті болды. Өз кезегінде белсенді мұны сот процесі барысын жария түрде талқылауына тосқауыл қою әрекеті деп атады.

Айта кетейік, Айтілек Орозбеков қырғыз тілін қызмет көрсету саласында кеңінен қолдануды қолдайтын белсенді ретінде танымал. Әлеуметтік желілерде оны «тіл патрулі» деп атайды.

Жаңа талаптар жарияланғаннан кейін әлеуметтік желілерде дау туып, Куликов өнімдеріне бойкот жариялау басталды. Қырғыз белсенділеріне қолдау білдіргендер қатарында қазақтар да табылды. Олар белсендіні қолдап, «Қазақтар қырғыз бауырларына көмектеседі» деп атап өтті. Threads желісінде қолданушылар Куликовге қысым көрсетуге қарсы акциялар ұйымдастырды.

Қолдаушылардың айтуынша, бойкот әсерінен Куликов қызметкері өз арызын қайтарып, белсендімен татуласуға мәжбүр болған.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады