Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

16.01.2026, 08:30
240
Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Visions / Getty Images via Canva

Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 16 қаңтарға арналған бірқатар дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Көбінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болжанып отыр. Кей аймақтарда ауа температурасы түнде 40–42 градусқа дейін төмендейді.

Алматы облысы мен Қонаев қаласында 16 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Ал облыстың таулы аудандарында қар күшейіп, көктайғақ сақталады. Желдің екпіні 18–23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысында, оның ішінде Ақтау қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15–20 м/с болады.

Түркістан облысында және Шымкент пен Түркістан қалаларында жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. 17 қаңтарда ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Қызылорда, Ұлытау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында қар, бұрқасын, көктайғақ пен қатты жел күтіледі. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнгі уақытта ауа температурасы 35–38 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында қатты аяз сақталады. Кей аудандарда түнгі температура 40–42 градусқа дейін төмендейді. Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту күшінде.

Жамбыл, Жетісу және Алматы облыстарында 16–17 қаңтар күндері қардың қалың түсуі, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Таулы аудандарда жауын-шашын күшейіп, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға, алыс жолға шықпауға және төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін қатаң қадағалауға шақырады. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды