6 км-ден астам су құбыры желісі мен 0,9 км жылу трассасы реконструкцияланады, 16,5 км жоғары вольтты электр кабель желісі мен 1,5 км жерасты газ құбыры жөнделеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.
Осы жылдың маусым айынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін ауданға қосылған аумақтардағы 47,2 км электр желісі жаңартылады. Бұл 150 мыңға жуық тұрғынды сапалы сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, әкім тұрғындардың ашуын тудырған қызмет көрсетуші бойынша әкімдік жүргізген жұмысты атап өтті.
«Электрмен жабдықтау, сумен қамту және су бұру қызметтерін сапасыз көрсетуге қатысты айтсам, «Ерменсай» шағын ауданының тұрғындарына «Городское предприятие водоснабжения Водснаб» ЖШС-нің (бұрынғы «Орхан» ЖШС) ұзындығы 4,2 км электр желісін қаланың балансына өтеусіз беру туралы шешім қабылданды. Компанияға өзіне 120 млн теңге айыппұл салынды», - деді әкім Ерболат Досаев.