Нобель комитеті Трампқа берілген сыйлық туралы пікір білдірді
Венесуэла оппозициясы өзіне берілген Бейбітшілік Нобелін Трампқа сыйға берген еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Норвегиялық Нобель комитеті Венесуэла оппозициясының лидері Мария Корина Мачадо АҚШ президенті Дональд Трампқа бейбітшілік сыйлығы медалін тапсыру туралы оқиғаға түсініктеме берді. Комитеттің хабарламасында:
«Нобель сыйлығы жарияланғаннан кейін оны жоюға, бөлісуге немесе басқа адамға беруге болмайды. Шешім соңғы болып саналады және мәңгілік күшінде қалады… Медаль иесін өзгерте алады, бірақ Нобель сыйлығы лауреаты мәртебесі өзгермейді», — делінген.
Бұған дейін Мачадо Трампқа өзінің Нобель бейбітшілік сыйлығы медалін тапсырғанын мәлімдеді. Олар Ақ үйде Венесуэладағы жағдайды талқылау үшін кездесті, әңгімелесу уақыты екі сағаттан астам созылған. 2025 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Мария Корина Мачадоға Венесуэла халқына демократиялық құқықтарды насихаттау жолындағы қажырлы еңбегі үшін берілген.
Дональд Трамп өз кезегінде бейбітшілікке қосқан үлесі үшін бірнеше рет Нобель сыйлығын алуға лайық екенін мәлімдеген. Норвегиялық Нобель комитеті медальдардың берілуі жеке іс болып саналатынын, бірақ ресми лауреат мәртебесі ешкімге ауыстырылмайтынын нақтылады.
Материал авторы