SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында жантүршігерлік өрт салдарынан балаларынан айырылған отбасыға үш бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы Ертіс ауданының әкімдігі мәлімдеді.
Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, өрттен зардап шеккен отбасыға абаттандырылған үш бөлмелі пәтер ұсынылған. Сонымен қатар қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық заттар сатып алынған. Жергілікті билік жерлеу рәсімін ұйымдастыруға да көмек көрсетілетінін хабарлады.
Қазіргі уақытта отбасы мүшелерімен психологтар жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Еске салсақ, 15 қаңтар күні таңғы 08:33-те Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметіне Ертіс ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен үш кәмелетке толмаған баланы алып шығып, оларды жедел жәрдем қызметіне тапсырған. Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен сыртқа шыққан.
Алайда кейінірек 2018 және 2021 жылы туған екі баланың ауыр дәрежедегі күйік пен көмірқышқыл газынан улану салдарынан есін жимастан көз жұмғаны белгілі болды.
RUS