Алматы облысында автобус жүргізушісіне шабуыл жасалды (ВИДЕО)

16.01.2026, 17:04
265
Алматы облысында автобус жүргізушісіне шабуыл жасалды (ВИДЕО) t.me/kris_p_almaty_kz

Маршруттық автобустың әйнегін сындырған ер адам қамауға алынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында жолаушылар тасымалдап келе жатқан маршруттық автобустың жүргізушісіне шабуыл жасалды. Оқиға сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, қоғам назарын аударды.

Оқиға 15 қаңтар күні таңғы уақытта №239 бағыттағы жолаушылар автобусында болған. Белгісіз ер адам қоғамдық көліктің әйнегін сындырып, жүргізушіге шабуыл жасаған. Бұл әрекет салондағы жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіріп, адамдар арасында үрей туғызған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада шабуыл сәті анық көрінеді. «КрисПи Алматы» Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға таңғы сағат 6 шамасында болған. Әйнегі сынғанына қарамастан, автобус шамамен жарты шақырымдай жол жүрген.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Тергеу барысында қоғамдық көліктің әйнегін қасақана сындырған ер адам анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде үш күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта негізгі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады