Әнші Маржан Арапбаеваны азаматтық күйеуі ұрып-соққан
Ербол Нұрмұхамбетов 10 күнге қамауға алынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Маржан Арапбаеваның азаматтық күйеуі Ербол Нұрмұхамбетовтің үстінен қозғалған іс бойынша сот шешімі шықты. Оқиға түнгі уақытта тұрғын үй ауласында болған.
Тергеу деректеріне сәйкес, жанжал кезінде ер адам қоғамдық орында бейәдеп сөз айтып, әйелге күш қолданған, оны шашынан сүйреген. Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен 10 тәулікке қамауға алынды.
Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың арызы негізінде дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қосымша материал тіркелді. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру шараларын жалғастырып жатыр.
Материал авторы