Рамзан Қадыров жол апаты туралы қауесетке жауап ретінде ұлын марапаттады

18.01.2026, 13:25
499
Рамзан Қадыров жол апаты туралы қауесетке жауап ретінде ұлын марапаттады Рамзан Қадыровтың Telegram-арнасы

Адам Қадыровқа кезекті марапат тапсырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлы Адам Қадыровтың қатысуымен түсірілген видеоны жариялады. Бұл жазба әлеуметтік желіде Адам Қадыров ауыр жол-көлік оқиғасына түсті деген ақпараттар тараған тұста шықты.

Қадыров Telegram-арнасында жариялаған мәліметке сәйкес, Адам Қадыров республиканың күштік құрылымдарының командирлерімен кеңес өткізген. Жиында алдағы сайлауға дайындық, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланған.

Сонымен қатар Рамзан Қадыров ұлына кезекті марапат тапсырылғанын хабарлады. Адам Қадыров «Атом электр стансаларының қауіпсіздігін арттырудағы еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталған.

«Бұл награда “Росэнергоатом” концернінің бұйрығымен берілді. Ол Запорожье атом электр стансасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен күзетті ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін тапсырылды», – деп жазды Қадыров.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Шешенстан басшысының ұлы отырған кортеж ірі жол-көлік оқиғасына түскенін, Адам Қадыровтың ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған еді. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды