Талдықорғанда аурухана есепшісі 109 млн теңгені букмекерлік кеңсеге салып жіберген

20.04.2023, 14:17
433
Талдықорғанда аурухана есепшісі 109 млн теңгені букмекерлік кеңсеге салып жіберген smartnews.kz

Талдықорғанда 109 млн теңгені букмекерге салып жіберген аурухана есепшісі сотталды, - деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

 Сот анықтағандай, Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі 2021 жылдың 1 наурызында есепші болып жұмысқа орналасқан. Сол уақыттан бастап мемлекеттің бюджет қаражатын өзінің жеке шотына аударып отырған.

«Келтірілген мүліктік залал көлемі 109 миллион теңгеден асады. Прокурор сотталушыны қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына шектеп, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын көңілден өкініп, ұйымға келтірілген залалды өтеуге міндеттеніп, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.

Кінәсін мойындауын және жасаған ісіне өкінуін, сотталушыда кәмелетке толмаған баласының болуын, жастығын, сонымен қатар сотталушының келтірілген залалды ішінара өтегендігін, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот А.-ға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», -делінген Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотталушы жазаны қылмыстық – атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Айта кетейік, Талдықорған қалалық сотында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша облыстық «Балалар ауруханасы» МКК-нің есепшісіне қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша қаралды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген