Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының басшысы Айгүл Қасымова дүниеден өтті

18.01.2026, 15:01
475
Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының басшысы Айгүл Қасымова дүниеден өтті instagram.com/akmaralalnazarova

Министр Ақмарал Әлназарова көңіл айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) орталығының басшысы Айгүл Қасымова 56 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова растады.

Айгүл Қасымова медицина саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, қатардағы кардиолог-дәрігерден республикалық деңгейдегі стратегиялық орталықтың басшысына дейін көтерілген білікті маман болды. Ол Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова марқұмның алғашқы медициналық көмекті дамытудағы ерекше рөліне тоқталды. Оның айтуынша, дәл Айгүл Қасымованың басшылығымен республикалық АМСК орталығы базасында бірқатар пилоттық жобалар әзірленіп, кейін олар ұлттық деңгейде енгізілген жүйелі реформалардың негізіне айналды.

Министрдің атап өтуінше, Айгүл Қасымова кәсіби адалдығымен, реформаторлық көзқарасымен және басқарушылық қабілетімен ерекшеленген. Ол дәрігер миссиясын терең түсінген, командасын соңынан ерте білетін, адамдармен жұмыс істеуде ерекше жанашырлық танытқан тұлға болған.

— Ол шынайы энтузиазмымен, мамандығына деген адалдығымен және дәрігер мен басқарушының жауапкершілігін терең сезіне білуімен дараланды. Айгүл Қасымованың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттерінің және онымен бірге қызмет еткен барша азаматтың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына және бүкіл медициналық қауымдастыққа қайғыра көңіл айтамын, — деді Ақмарал Әлназарова.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды