Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: боран, аяз және жел күшейеді

19.01.2026, 08:35
211
Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: боран, аяз және жел күшейеді Bloomberg / Getty Images

Елдің басым бөлігінде 30 градусқа дейін аяз күтіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20-21 қаңтар күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады. «Қазгидромет» қар, боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюін болжайды. Кей өңірлерде ауа температурасы 30 градустан төмен түсуі мүмкін.

Абай облысында 21 қаңтарда қар жауып, боран мен тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы 28 градусқа дейін төмендейді, күндіз 7-18 градус аяз болады.

Ақмола облысында 20 қаңтар түні қар мен боран болжанады, күндіз өңірдің батысы, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын сақталады. 21 қаңтарда боран солтүстік және шығыс аудандарда жалғасады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнгі температура 15-22 градус аяз, күндіз 12-17 градус аяз.

Ақтөбе облысында қар, төменгі боран және тұман күтіледі. Түнде 23 градусқа дейін суытады, күндіз 9-17 градус аяз.

Алматы облысында 20–21 қаңтарда оңтүстік және таулы аудандарда қар, төменгі боран, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 12–25 градус, күндіз 2–15 градус аяз.

Атырау облысында 21 қаңтарда қар жауып, тұман мен төменгі боран күтіледі. Түнгі температура 12–20, күндіз 5–10 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысында қар, боран және тұман болжанады. Солтүстік және шығыс аудандарда түнгі ауа температурасы 32 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Жамбыл облысында 20–21 қаңтарда қар, төменгі боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Түнде 25 градусқа дейін суытады, күндіз 0–16 градус аяз.

Жетісу облысында қар, төменгі боран, көктайғақ және тұман болады. Алакөл маңында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде 28 градус аяз, күндіз 5–18 градус аяз.

Батыс Қазақстан облысында өңірдің батысы, солтүстігі және шығысында қар, боран және тұман күтіледі. Түнде 18 градус, күндіз 5–13 градус аяз.

Қарағанды облысында қар, төменгі боран және тұман болжанады. Түнгі температура 25 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 9–17 градус аяз.

Қостанай облысында қар, боран және тұман күтіледі. Түнде 27 градусқа дейін суытып, күндіз 15–23 градус аяз сақталады.

Қызылорда облысында 21 қаңтар күні оңтүстік және шығыс аудандарда қар, төменгі боран және көктайғақ болады. Түнде 23 градус аяз, күндіз 0-ден 7 градус жылуға дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысында 20–21 қаңтарда қар, көктайғақ, төменгі боран және тұман күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 17 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 1 градус жылуға дейін.

Павлодар облысында қар, боран және тұман болады. Түнде 25 градус, күндіз 12–20 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысында 20 қаңтарда қар мен боран, 21 қаңтар түні жауын-шашын сақталады. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде 30 градус аяз, күндіз 18–27 градус аяз.

Түркістан облысында қар, төменгі боран, көктайғақ және күндіз аралас жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде 8–21 градус аяз, күндіз 5 градус жылудан 15 градус аязға дейін.

Ұлытау облысында аздаған қар, төменгі боран және тұман болжанады. Түнде 18–23, күндіз 8–15 градус аяз.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды