210

Оралда бес қабатты үйден өрт шықты

Құтқарушылар бес баланы қоса алғанда 14 адамды эвакуациялады.

Оралда бес қабатты үйден өрт шықты
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 19 қаңтар күні таңертең Орал қаласындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға Зачаганск кентіндегі Теміртау көшесінде орналасқан үйде болған. Құтқарушылар тұрғындарды жедел түрде эвакуациялады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт бес қабатты үйдің бір кіреберісінде тіркелген. Суық су құбырына арналған ағаш қорап тұтанып, өрт шамамен 2 шаршы метр аумақты қамтыған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері 14 адамды, оның ішінде бес баланы, баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге шығарды. Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Материал авторы