SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында ұйымдастырылады. Сыр өңірінде өтетін жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, елдің алдағы даму бағытына қатысты ұстанымдарын ортаға салады, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталады.
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Оның мәлімдеуінше, құрылтай аясында саяси, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар тақырыптар кеңінен талқыланады.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың алдыңғы отырыстары еліміздің әр өңірінде өткен. Атап айтқанда, 2022 жылы жиын Ұлытауда ұйымдастырылса, 2023 жылы Түркістан қаласында өтті. 2024 жылы құрылтай Атырауда өткізілді, ал 2025 жылғы отырыс Бурабайда өткен болатын.
RUS