SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Талғар ауданында 1993 жылы туған жас әйел бір айдан астам уақыттан бері табылмай жатыр. Із-түзсіз жоғалған азаматша туралы мәліметті LIDER.KZ еріктілері әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Іздеуде жүрген әйел — Тахирова Әсел Бахытғалиқызы. Ол 2025 жылғы 2 желтоқсан күні шамамен сағат 15:00-де Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында орналасқан «Үлкен отбасы» атты бауырластық күтім үйінен шығып кеткен. Нысан Исатай батыр көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан.
Белгілері: бойы 160–165 сантиметр шамасында, дене бітімі орташа, шашы қою түсті әрі ұзын. Көзі қылилау, қолдарында тыртық іздері бар, бел тұсында иероглиф бейнеленген татуировка салынған.
Жоғалған күні ол қызыл бас киім, қара түсті ұзын күрте, көгілдір джинсы шалбар және жасыл етік киген.
Еріктілердің мәліметінше, әйел дезориентация жағдайында болуы мүмкін әрі психикалық ауытқуы бар. Осыған байланысты іздеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр.
Ақпаратты білетін азаматтардан еріктілерге немесе құқық қорғау органдарына хабарласу сұралады.
RUS