278

Трамп Тоқаевты Газа бейбітшілік кеңесіне шақырды

Тоқаев АҚШ шақыруын қабылдап, хат жолдады.

Трамп Тоқаевты Газа бейбітшілік кеңесіне шақырды
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа мәселесі бойынша Бейбітшілік Кеңесіне шақырды.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Токаев әлемдік көшбасшылар арасында ресми шақыру алған алғашқы мемлекет басшыларының бірі болды, ал Қазақстан осы жаңа ұйымның негізін қалаушы мемлекеттердің қатарына кіреді.

Тоқаев АҚШ президентіне хат жолдап, шақыру үшін алғысын білдіріп, кеңестің мүшесі болуға келісімін растаған. Қазақстанның мақсаты – Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қолдауға үлес қосу.

Бейбітшілік Кеңесін құру туралы Трамп өткен жылдың желтоқсан айында жариялаған, оның құрамында ең маңызды мемлекеттердің басшылары болуы жоспарланған.

Ал басқарушы комитетке АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф, президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр кіретіні айтылды.

Материал авторы