Алматы облысында 47 жастағы адамның органы кішкентай балаға салынды

19.01.2026, 12:31
312
Алматы облысында 47 жастағы адамның органы кішкентай балаға салынды Денсаулық сақтау министрлігі

Миы өлі деп танылған науқастың мүшелері трансплантацияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында дәрігерлер миы өлі деп танылған 47 жастағы ер адамның екі бүйрегін, жүрегін, бауырын және көз торын мүшелерге мұқтаж пациенттерге трансплантациялады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, көпбейінді клиникалық аурухана науқасының миының өлімі анықталғаннан кейін, туыстарына донорлыққа келісім беру туралы түсіндірме жүргізілді. Жақындары бұл шешімді қолдаған.

«Барлық кезеңдерді ұйымдастыру мен үйлестіруді Республикалық трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтер орталығы қамтамасыз етті. Донорлық процесс барысында екі бүйрек, жүрек, бауыр және роговица алынды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Барлық донорлық мүшелер профильді медициналық ұйымдарға тез жеткізілді. Жүрек, бауыр, бүйрек және роговица трансплантациясы сәтті аяқталды. Медициналық көмек көрсетілген пациенттердің арасында республикалық кезек тізімінде тұрған бала да бар.

2025 жылдың соңына қарай Қазақстанда трансплантацияға кезекте 4 506 пациент бар, оның ішінде 123 бала. Көпшілігі – 90%-дан астамы – бүйрек трансплантациясына мұқтаж.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды