АҚШ конгрессмендері Трампқа импичмент жариялауы мүмкін
Наразылыққа демократтармен бірге республикалықтар да қосыла бастады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Конгресінде Дональд Трамптың Гренландияға қатысты саясатына наразылық күшейіп келеді. Бұл қарсылық тек демократтар тарапынан ғана емес, Республикалық партияның өз ішінде де байқалып отыр. Бұған президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселесін алға тартып, аралды АҚШ-қа «қосу» туралы мәлімдемелері себеп болған.
Республикалық конгрессмен Дон Бейкон Трамптың сөздерін «өмірімде естіген ең ақымақ мәлімдеме» деп атап, одақтастарға қысым көрсетуді жалғастыру импичмент процедурасына дейін алып келуі мүмкін екенін ескертті.
Бірқатар заң шығарушылардың пікірінше, Арктикадағы америкалық әскери қатысуды күшейту мәселесін серіктес елдермен сабырлы диалог арқылы талқылауға болар еді. Ал қауіп төндіретін риторика АҚШ-тың беделіне нұқсан келтіреді.
Қазір Конгрессте Гренландияға қатысты ықтимал әскери сценарийлерді болдырмау үшін заңнамалық тетіктер қарастырылып жатыр. Сенатор Том Тиллис әскери өкілеттіктер туралы резолюция қабылдау үшін қос партиялы көпшілік қалыптасуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл құжат Гренландияға қарсы кез келген күш қолдану әрекетіне тыйым салуды көздейді.
Сенатор Лиза Меркаускидің айтуынша, Конгресс НАТО мен Еуроодақтағы одақтастарды тыныштандыруға мәжбүр. Себебі Гренландия төңірегіндегі дау трансатлантикалық қарым-қатынастарға кері әсер ете бастаған.
Материал авторы