Шымкентте жүргізуші куәлігін алу емтиханы апатпен аяқталды (ВИДЕО)
Практикалық сынақ кезінде көлік аударылып кетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында жүргізуші куәлігін алу үшін өткізілген практикалық емтихан төтенше жағдаймен аяқталды. Көлік тізгініндегі үміткер басқаруды игере алмай, автокөлік аударылып кеткен. Бұл туралы HALYQSTAN Telegram-арнасы жазды.
Оқиға 19 қаңтар, дүйсенбі күні «Асар-2» шағын ауданында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің автодромында болған.
Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы ресми түсініктеме берген жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті жүргізіп отырған — жүргізуші куәлігін алуға келген қыз бала. Оның жол апаты сәтіндегі эмоциялық реакциясы бейнежазбада анық естіледі.
Материал авторы