610 метр тереңдік: Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген ер адам мерт болды
Ер адам күзетілетін нысанға кіріп, өмірімен қоштасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде орналасқан «Новая» шахтасында қайғылы жағдай тіркелді. Степногорск қаласының тұрғынының мәйіті жер астындағы 610-шы горизонттан табылды.
Тау-кен өндірісінде «горизонт» деп шахтаның жерасты деңгейін атайды. Демек, ер адам шамамен 610 метр тереңдікте, шахтаның жұмыс жүріп жатқан бөлігінде көз жұмған.
Ақмола облысы Полиция департаментінің алдын ала дерегіне сәйкес, 1991 жылы туған Степногорск тұрғыны күзетілетін нысан аумағына заңсыз кірген.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі («Күзетілетін объектіге заңсыз кіру, абайсызда адам өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Материал авторы