Қайрат Нұртастың екінші қызы жұлдыздармен бірге киноға түседі

Азиз Қалижан Редактор
20.01.2026, 10:32
256
Қайрат Нұртастың екінші қызы жұлдыздармен бірге киноға түседі instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

16 жасар Алаудың анасы сүйінші хабарды жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қайрат Нұртастың 16 жастағы қызы Алау Нұртастың отандық көркем фильмге түсуі ресми түрде расталды. Жас актриса фильмде басты рөлдердің біріне бекітілген.

Жаңалықты әншінің жұбайы, Алаудың анасы Жұлдыз Әбдікәрімова жария етті. Оның айтуынша, бұл хабарды ана ретінде ерекше толқумен әрі қуанышпен бөлісіп отыр.

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Ана ретінде шексіз бақыттымын. Қазір үлкен фильм дайындалып жатыр, Алау киноға түседі. Ол кәсіби актерлермен бірге басты рөлдердің бірін ойнайды. Олардың қатарында көрерменнің сүйіктілері Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров және өзге де актерлер бар. Сондықтан осы көктемде үлкен экраннан күтіңіздер», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Фильмнің премьерасы алдағы көктемде өтеді деп жоспарланған. Бұл жоба Алау Нұртастың кино саласындағы алғашқы ірі жұмыстарының бірі болмақ.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан