Тоқаев құрылтайда Арал мәселесін көтерді
Президент 2025 жылды мол табыспен қорытындылағанымызды жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық Құрылтай отырысында сөз сөйлеп, қаланың даму қарқынына оң баға берді. Президент Қызылорда шаһарының тарихи мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.
Тоқаев Кіші Арал суының деңгейін көтеруге айтарлықтай мүмкіндік барын жеткізді. Ол су мәселесімен жүйелі түрде айналысу қажеттігін айтты.
«Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз», – деді Президент.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды мол табыспен аяқтағанымызды атап өтті.
Материал авторы