702

Тоқаев: Бос қиял мен құрғақ уәде беруге қарсымын

Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев болашаққа бағдар жасаудағы қағидаларын айтты

Тоқаев: Бос қиял мен құрғақ уәде беруге қарсымын
Aqorda

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында болашаққа бағдар жасау кезінде шынайы көзқарас маңызды екенін айтты.

Президент кез келген мемлекеттік күштің негізі – халық екенін атап өтті.

«Азаматтарымыздың жасампаздық қуатының арқасында еліміз кез келген кедергі мен тосқауылға қарсы тұрып, орасан зор табысқа жететіне кәміл сенемін», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол әртүрлі жоспарлар мен стратегияларды құруға қатысты өз ұстанымын білдіріп:

«Мен бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге қарсымын. Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн», – деді Президент.

Бұл мәлімдеме мемлекеттік жоспарлар мен стратегияларды шынайы деректер мен халықтың мүмкіндіктеріне негіздеп жасау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

Материал авторы