473

Тоқаев жаңа Парламентке «Құрылтай» атауын беруді ұсынды

Бір палаталы Парламентте мандат саны – 145 болуы мүмкін.

Тоқаев жаңа Парламентке «Құрылтай» атауын беруді ұсынды
@mazhilis_kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды.

Президенттің айтуынша, жаңа бір палаталы Парламенттің мандат саны 145 болуы мүмкін. Жаңа Парламент 5 жылға сайланады. Сонымен қатар, халық бұл бастаманы қолдайтынын атап өтті.

«Жаңа Парламентте депутаттар барлығына бірдей ортақ тәртіппен сайлануы тиіс», – деді Тоқаев.

Бұл ұсыныс мемлекеттік құрылымдарды жетілдіру және сайлау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында жасалған.

Материал авторы