Атырауда бетон бағандар жүк көлігінен құлап, көліктерге зақым келтірді (ВИДЕО)
Жүк көлігіндегі трос үзіліп, жолдағы бетон бағандардың құлады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 қаңтарда таңғы сағат 08:30 шамасында Атырау – Доссор автожолында, Бірлік ауылына жақын маңда қауіп төндірген оқиға болды.
Sitrak маркалы жүк көлігінің бүйіріндегі тіркемесінде тасымалданған бетон бағандар бұрылыс кезінде құлап, жолға түсіп кетті. Нәтижесінде үш жеңіл көлікке зақым келгенімен, адам зардап шеккен жоқ.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бетон бағандардың құлауы ұзын жүк көлігінің тросының үзілуінен туындаған. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеді, жолда қозғалысқа уақытша қауіп төнді.
Көлік жүргізушілерге ауыр және көлемді жүктің сенімді бекітілуін қадағалау, абай болу ұсынылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері анықталуда.
Материал авторы