479

Қазығұрттағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Марқұмдар жол апаты болған жерде көз жұмған.

Қазығұрттағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Қазығұрт ауданы аумағындағы Қазығұрт – Жібек жолы тасжолында тіркелді. Бұл туралы «Отырар» телеарнасы хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Kia маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Haval көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Материал авторы