«Қайрат» ойынында «Бораттың» киімімен келген шетелдік жанкүйерлер ұсталды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
21.01.2026, 10:54
241
«Қайрат» ойынында «Бораттың» киімімен келген шетелдік жанкүйерлер ұсталды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Үш шетелдікке қатысты істі полиция сотқа жолдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада өткен «Қайрат» – «Брюгге» футбол матчында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған шетелдік жанкүйерлер полиция тарапынан ұсталды. Олар стадионда киімдерін шешіп, «Борат» фильмінде кеңінен танылған жасыл купальникпен көпшілікке көрінген.

Оқиға сәті әлеуметтік желіде тараған видеодан белгілі болды. Кадрлар Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында жарияланған. Жазба авторының айтуынша, бұл әрекетке «Брюгге» клубының жанкүйерлері барған.

Видеода бірнеше ер адамның үстіндегі киімдерін шешіп, атышулы купальникпен қалғаны анық көрінеді. Олардың әрекеті стадиондағы көрермендердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірген.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 20 қаңтар күні матч кезінде үш шетел азаматы айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Полицейлер аталған үш шетелдік жанкүйерді ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Оларға қоғамдық орында мас күйде болу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданды.

Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті жаппай іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіптің күшейтілген режимде бақыланатынын еске салып, белгіленген ережелерді бұзған тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады