299

Енді жеңілдетілген ипотека барлық азаматқа қолжетімді болады

Жеңілдетілген ипотека мен мемлекеттік тұрғын үйді алу жеңілдейтін болды.

Енді жеңілдетілген ипотека барлық азаматқа қолжетімді болады
Jakub Zerdzicki / Pexels

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда жеңілдетілген ипотека мен мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бұған дейін бір бөлігін ғана иеленген азаматтарға қолдау көрсетілмейтін еді.

Енді кезекте тұрған азаматтар тіпті өздерінің шағын үлесі бар пәтер болса да мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Бұл шешім Отбасы банкінің тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру және азаматтардың әлеуметтік жүктемесін жеңілдету мақсатындағы жаңа ережесінің аясында қабылданды.

Жаңа ереже 2026 жылғы ақпаннан бастап күшіне енеді. Көптеген кезекте тұрған азаматтар үшін бұл – тұрғын үй жағдайын жақсартудың нақты мүмкіндігі.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор