362

Джеки Чан «Құдіретті сауыт» фильмін түсіру үшін Ақтауға келді (ВИДЕО)

Маңғыстауға Джеки Чанның түсірілім тобы келді.

Джеки Чан «Құдіретті сауыт» фильмін түсіру үшін Ақтауға келді (ВИДЕО)
ALESSANDRO LEVATI/GETTY IMAGES

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Джеки Чанның командасының Ақтау қаласына келгені туралы видео тарады. Маңғыстау облысы әкімдігі бұл ақпаратты растады.

Видео кадрларында бірнеше адам көрінеді, олар қаладағы бір қонақүйде орналасқан. Әкімдік мәліметінше, делегация құрамында шамамен 15–20 адам бар. Қазіргі уақытта олардың нақты қай жерлерге баратыны белгіленбеген, бірақ Бозжыра, Ақтау жағалауы және басқа да көрнекті орындар қарастырылуда.

Еске салсақ, 2025 жылғы қыркүйекте Джеки Чан Алматыға келіп, Қазақстанда қызығушылық тудырған еді. Кейін «Құдіретті сауыт» фильмінің төртінші бөлігін Қазақстанда түсіру жоспарланғаны белгілі болды. Ол жаңа бөлімнің режиссерін де таңдаған.

Сценарий бойынша түсірілім Маңғыстау облысында өтеді. Бұл үшін бұрынғыдан алдын ала түсірілім тобы облысқа келген және кейін Маңғыстау ресми түрде фильмнің басты локациясы ретінде бекітілген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор