Тұман, бұрқасын, көктайғақ: Бүгін ел аумағында ауа райы күрт бұзылады

22.01.2026, 09:05
201
Тұман, бұрқасын, көктайғақ: Бүгін ел аумағында ауа райы күрт бұзылады Reuters

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21-24 қаңтар аралығында Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. «Қазгидромет» дерегіне сәйкес, ел аумағында тұман, қар, бұрқасын, көктайғақ, қатты жел және ауа сапасының нашарлауы тіркелуі мүмкін.

Павлодар қаласында 21 қаңтар күні сағат 12:00-ден бастап 24 қаңтар таңына дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың бірінші қауіптілік деңгейі жарияланды. Бұл кезеңде ауаның ластану деңгейі көтерілуі ықтимал.

22 қаңтарда Павлодар, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Кей өңірлерде жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Семей, Өскемен, Риддер, Алматы, Қонаев қалаларында тұман күшейіп, жол қозғалысына қауіп төндіруі ықтимал. Кей өңірлерде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ескертуі жарияланды.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, сондай-ақ Шымкент пен Түркістан қалаларында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кей сәттерде жауын-шашын қатты болады.

13–22 қаңтар аралығында елдің солтүстігі, шығысы және орталығында түнгі температура -30…-38°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Суық толқын Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарын қамтиды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды