359

Атыраудағы түнгі клубта ер адамды аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Төбелес видеоға түсіп қалып, полиция екі адамды қамады.

Атыраудағы түнгі клубта ер адамды аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Атырауда ер адамды қатыгездікпен соққыға жыққан сәт бейнеленген видео тарады. Оқиға 18 қаңтар күні қаладағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінде болған. Жайтқа полиция түсініктеме берді.

Telegram желісіндегі «Криминальный Казахстан» арнасының мәліметінше, бейнежазбада жанжал алдымен мекеменің ішінде басталғаны көрінеді. Екі ер адам бір адамға шабуыл жасап, олардың бірі ерекше қатал соққылар жасаған. Қақтығысты тоқтатуға тырысқан тағы бір келуші араша түскен сәтте, оның өзі де бетінен соққы алған.

Кейін төбелес сыртқа ұласып, жәбірленуші тағы да соққыға жығылған.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қаңтарда «102» пультіне қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде белгісіз адамдардың заңға қайшы әрекет жасағаны туралы хабар түскен.

Оқиға бойынша 32 және 33 жастағы екі күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтерді жария етпеді.

Материал авторы