353

«Мен үшін үлкен мәртебе»: АҚШ-тың жаңа елшісі халықпен қазақша амандасты

Қазақстандағы АҚШ елшілігіне жаңа басшы келді.

«Мен үшін үлкен мәртебе»: АҚШ-тың жаңа елшісі халықпен қазақша амандасты
instagram.com/usinkz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффт қазақстандықтарға қазақ тілінде сәлемдесті. Видео АҚШ елшілігінің Instagram-аккаунтында жарияланды

Видеороликте Стаффттің қазіргі және бұрынғы жұмыс орындарындағы фотосуреттері мен қысқа видеолары көрсетіледі. Бастапқыда дипломат қазақ тілінде өзін таныстырып, амандасты:

«Құрметті достар, әріптестер және қазақстандықтар! Менің атым Джули Стаффт. Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе», – деді ол қазақша.

Содан кейін Джули Стаффт ағылшын тіліне ауысып, өз өмірбаянынан қысқаша ақпарат берді. Елшілікке тағайындалуына дейін ол Молдова, Джибути, Ресей, Эфиопия және Польша елдерінде дипломатиялық қызмет атқарған.

Материал авторы