376

«Өтірік тілек жазбай-ақ қойыңызшы»: Еңліктің әнін сынаған ақындардың басы дауға қалды (ВИДЕО)

Еңліктің әнін сынаған Жандарбек Бұлғақовқа халық наразы болды.

«Өтірік тілек жазбай-ақ қойыңызшы»: Еңліктің әнін сынаған ақындардың басы дауға қалды (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов пен рэпер Yenlik (Еңлік Құрарбек) арасындағы дау желіде қызу талқыға түсті. Жандарбек Бұлғақов рэпердің “Bipl” әнінің сөздерін сынап, мәтіннің мағынасы жоқ екенін жазған.

Ақын Threads желісінде әннің сөзін келтіріп:

“Алуан-алуан адам бар ей, қыз
Салдыр алдыр алам ба, Бипл-а!
Бұйырмаса болмайтын нәрседе болмайд
Ұрдым да, қол қойдым
Енді, ұрдым да, қол қойдым (болмайд)
Не болса да, сол
Болса да, мен болмайм оол!”— деп сынға алған.

Рэпер өз кезегінде Жандарбектің сөздері дұрыс емес екенін айтып, нақты мәтінін жариялады:

“Алуан, алуан адам бар ей қыз,

Алдар, алдар алданба!”

Сонымен қатар, Еңлік өнерде сынға дайын болу керегін, бірақ желіде мысқылдамай жеке айту әлдеқайда дұрыс болатынын жеткізді. Ол Жандарбектің шығармашылығын бұрын көріп, сыйлайтынын айтты.

Жандарбек бұл пікірге жауап ретінде тілге жанашырлықтан сөз еткенін және сын пікірін ашық жеткізгенін атап өтті. Ол өнерге келген адам қоғамның мақтауына да, сынға да дайын болуы керегін алға тартты.

Желі қолданушыларының пікіріне қарағанда, көпшілік Жандарбек Бұлғақовтың әрекетін көреалмаушылық деп бағалап, рэперді қолдады:

“Қазақ қызын қолдайтын ағалардың түрі осы ма?”, “Бұл рэп жанры, Еңлік керемет туынды жасады”, “Тәжірибелі ақын ретінде жеке шақырып кеңес беруге болар еді”, “Еңлік, шығармашылығыңыз арқылы қазақ тілін насихаттап жүрсіз, шабытыңыз сарқылмасын”.

Кейбір желі қолданушылары Жандарбектің сын пікіріне қатты наразылық білдіріп, оның әрекетін көреалмаушылық деп атады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор