165 мың қазақ педагогына ChatGPT Edu тегін лицензия береді

22.01.2026, 16:12
289
165 мың қазақ педагогына ChatGPT Edu тегін лицензия береді REUTERS/Dado Ruvic

Елімізде жоғары білім саласында реформа жасалмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жоғары білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифингке Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова және Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жайық Тохтаров қатысты.

Жиында жоғары білім мен ғылымды дамытуға бағытталған жүйелі реформалар, кадр даярлау сапасы, цифрландыру және халықаралық бәсекеге қабілеттілік мәселелері сөз болды.

Гүлзат Көбенованың айтуынша, барлық өзгерістер 2029 жылға дейінгі жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатыр және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларына сүйенеді. Негізгі басымдық – мамандарды даярлау сапасын арттыру, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету және білімнің экономикаға нақты пайдасын күшейту.

Айта кету керек, 2025 жылы мемлекет 93 мың білім беру грантын бөлген, оның 99 пайыздан астамы толық игерілген. Әлеуметтік қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейіп, қандастарға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар азаматтарға және мерзімді әскери қызметтен өткен жастарға арналған нысаналы мүмкіндіктер көбейген.

«Келешек» жүйесі: білімге жинақтау мәдениеті

Білімге қолжетімділікті арттыру мақсатында 2025 жылы «Келешек» ерікті жинақтау жүйесі іске қосылды. Қазіргі таңда 92 мыңнан астам салым ашылған. Небәрі 5 жастағы 8 мың балаға бастапқы білім беру капиталы аударылған. Бағдарлама мемлекеттік гранттарды алмастырмайды, керісінше оларды толықтырады.

Бүгінде елде 127 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Олар 8,5 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Соңғы бір жылда бағдарламалардың 85 пайызы кәсіби стандарттарға сай жаңартылған. Бұл жоғары оқу орындарының формальды оқытудан еңбек нарығына бейімделген құзыреттілік моделіне көшуіне жол ашты.

Спикердің айтуынша, «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында жаңа мамандықтар атластары енгізіліп жатыр. Бұл жоба барлық өңірлерді қамтып, 235 мыңнан астам мектеп оқушысы мен 1 800-ден аса салалық сарапшының қатысуымен жүргізілген ауқымды талдауға негізделген.

Жасанды интеллект – университеттерде

Жоғары білімді цифрлық трансформациялау басты назарда. Қазір 95 жоғары оқу орнында жасанды интеллект пәндері оқытылады. 30 университет бұл бағытта 42 мамандандырылған білім беру бағдарламасын іске асырған. Профессор-оқытушылар құрамының жартысынан астамы ЖИ құзыреттіліктерін дамыту бойынша арнайы оқудан өткен.

OpenAI компаниясымен жасалған меморандум аясында 2025 жылдан бастап 165 мың педагогке ChatGPT Edu тегін лицензиялары беріледі. Бұл академиялық этиканы сақтай отырып, оқу процесін автоматтандыруға және оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан университеттері әлемдік рейтингтерде

QS-2026 жаһандық рейтингінде Қазақстанның 20 университеті енген. Times Higher Education рейтингінде де қатысушы және репортер-жоғары оқу орындарының саны артқан. Бұл ұлттық жоғары білім жүйесінің ашықтығы мен сапасының өскенін көрсетеді.

35 мың шетелдік студент, мақсат – 100 мың

Қазіргі таңда Қазақстанда 35 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. 2026 жылы шетелдік талапкерлерге арналған Study in Kazakhstan цифрлық платформасы іске қосылады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды