Серік Сәпиевті орынбасары соққыға жықты
Олимпиада чемпионының орынбасарына қатысты қылмыстық іс тіркелді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті орынбасары, самбо спортының әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімханов ұрғаны хабарланды. Жанжал нәтижесінде Сәпиев жарақат алды.
Оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жәбірленушінің алған жарақаттарын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ресми мәліметке сәйкес, жанжал 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде болған. Қазіргі уақытта полиция барлық мән-жайды тексеруде, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, Серік Сәпиев – Лондон Олимпиадасының чемпионы. Кәсіби спорттық мансабын аяқтаған соң ол "Астана Арландары" бокс клубының директоры, Мәжіліс депутаты, Спорт комитетінің төрағасы және Ұлттық олимпиадалық комитеттің вице-президенті қызметтерін атқарған.
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне ол 2024 жылдың 27 қарашасында тағайындалған.
Материал авторы