SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Tesla компаниясының басшысы Илон Маск Давос форумында Optimus роботтарын 2027 жылдың соңына дейін нарыққа шығару жоспарын жариялады. Алайда миллиардер роботтардың тек сенімді, қауіпсіз әрі кең функционалды болған жағдайда ғана өндіріс көлемін көбейтетінін қосты.
Масктың айтуынша, роботтар қазір Tesla зауыттарында қарапайым тапсырмаларды орындауда және олардың жалпы саны 1000 данаға жеткен. Дегенмен, бастапқы кезеңде шығару көлемі өте аз болады деп ескертті. Бұрын Optimus роботтарының мүмкіндіктері көпшілікке көрсетілгенімен, іс жүзінде олар оператордың қашықтан басқаруына немесе алдын ала бағдарламаланған әрекеттерді қайталауға ғана қабілетті болды.
Tesla акциялары Масктың Optimus-тің нарыққа шығу мерзімдері туралы хабарламасынан кейін 4%-дан астам өсті. Маск роботтарды өндірісте осы жылы қолдана бастайтынын, бірақ сыртқы бақылаушылар тек жанама деректер арқылы олардың сапасын бағалай алатынын атап өтті. Сонымен қатар, Қытайлық бәсекелестер Tesla-дан кем түспейді.
RUS